«Franke Show» цирк қойылымы

«Franke Show» цирк қойылымы

Өткізу мерзімі мен уақыты: 6-9 шілде, 16:00- де

Өткізілетін орны: «Астаналық цирк» МКҚК

Астана қаласының 25 жылдығына орай Астаналық циркте «Franke Show» қойылымы өткізіледі.

Елордамыздың 25 жылдығы – еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы. Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры.

Елорда күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 6-9 шілде аралығында «Franke Show» цирктік багдарламасы өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін  «Астаналық цирк» манежінде: цирк өнерінің үздік әртістері, Халықаралық фестивальдердің жоғары марапаттарының лауреаттары,сондай-ақ  Халықаралық фестивальдің Гран-при иегерлері және әлемнің ең  үздік сайқымазақтары өнер керсетеді. «Franke show» үлкен бағдарламасында  Бүкілресейлік цирк марапаттарының иегерлері «Жыл сайқымазақтары» және  бірнеше Халықаралық цирк фестивальдерінің лауреаттары Виктор мен Антон Франке клоундық дуэті қатысады.

Көптеген түрлі-тусті цирк жанрларын  жене динамикалык бағдарламаны  көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бағдарламаның максаты: Біртұтас мәдени мұраны қалыптастыру мақсатында әртүрлі жастарды, ұрпақтарды тарту. Біріңғай патриоттық рухты қалыптастыру және ұлттық мәдениетіміздің маңыздылығын нығайту.

Өнер көрсететіндер: Әуе гимнасттары, батыл акробаттар, арқанмен серуендеушілер, күлкі сиқыры жене тамаша көңіл-күй!

Анықтама үшін: 87015380823

 Айгерім Тлегенова

Back to top button