«ГҮЛ АСТАНА» ЭКО ФЕСТИВАЛІ

«ГҮЛ АСТАНА» ЭКО ФЕСТИВАЛІ / 5-6 ШІЛДЕ / EXPO

Сіздерді Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген климаттық киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер байқауы күтеді.

Өтетін уақыты: 5-6 шілде 2023 жыл

Өтетін орны:  ЭКСПО алаңы

Елорданың 25 жылдығына орай Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен «Gul Astana» қалалық гүлдер фестивалі өтеді.

«Gul Astana» фестивалінің мақсаты — гүл өсіру дәстүрін жаңғырту, мәдени кеңістік мүмкіндіктерін кеңейту, елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық дамуына тарту.

«Gul Astana» фестивалінің басты ерекшеліктері — Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген климаттық киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер байқауы, ерекше фотоаймақтардың бірінде – өз сезімін білдірушілердің ILOVE байқауы ұсынылып, жеңімпаздарға круиз ұтысы және гүлді өрнек түріндегі үлкен пазл беріледі.

Түскен қаражаттың барлығы Астана ботаникалық бағындағы сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау жөніндегі ғылыми бағдарламаны қолдауға жұмсалады. Сонымен қатар, келушілер үшін білім беру және эко-шеберлік сағаттары өтеді.

Урбанистердің қатысуымен ниет білдірушілер Астананың жасыл картасын жасайды, онда олар қаладағы жасыл саябақтар үшін ең жақсы орындарды белгілейді, олардың сүйікті ағашының қай жерде өсетінін көрсетеді және Елорданың символ-гүлін таңдайды.

Балалар үшін шеберлік сыныптары мен театрландырылған интерактивті бағдарламалар, құммен сурет салу, гүлді оригами, аппликациялар және саз балшықпен жұмыс жасау алаңдары ұйымдастырылады.

Ақпарат үшін: Айгерим Жантурина  8775-102-13-12

Back to top button