KITAP FEST

Өткізу мерзімі мен уақыты: 7 шілде, 2023жыл, 11:00-19:00

Өткізілетін орны: ЭКСПО аумағы

Елорданың 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ең ауқымды «Kitap Fest» фестивалі өтеді

«Kitap fest» кітап фестивалі – Қазақстанда 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ірі мәдени-бұқаралық іс-шара. 9 жыл ішінде ол шығармашылық және жазушылық кездесулердің беделді  алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап ұсынылды. Кітап фестивалі қарапайым кітап алмасудан мәдени-ағартушылық іс-шараға айналып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Астана қаласында «Kitap fest» фестивалі алғаш 2019 жылы өтті.

Биыл астаналықтарды Елорда күніне арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр.  Мерекеде белгілі жазушылар, блогерлер қатысады: Үнзилә Мыңбай, Ұларбек Нұрғалым, Мирас Асан, Перизат Мырзахмет және тағы басқалары. 30-дан астам дүкендер, баспалар мен интернет-дүкендер тұтынушыларға фестиваль аясында арнайы жеңілдіктер ұсынатын кітап жәрмеңкесі өтіп,  қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламасы күтеді.

Kitap Fest Астана бағдарламасы:

  • Жазушылар шатыры —  отандық жазушылар өз кітаптарын таныстырып, пікір алмасады.
  • «Офлайн кітаптар туралы» шатыры —  танымал блогерлер кітап оқудың пайдасы туралы пікір айтып, сүйікті шығармаларымен бөліседі.
  • «Қазақ қаламгерлері» шатыры — қазақ тілді жазушылардың Қазақстан әдебиетінің дамуы туралы баяндамалары мен поэтикалық пікірталас.
  • Семинарлар мен лекциялар шатыры —   жас жазушылар мен баспагерлерге кітаптарды насихаттау құпиялары, авторлық құқықты қорғау және т. б. тақырыпта дәрістер өткізіледі.
  • «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі —  «Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасымен» бірлесіп сирек кездесетін кітаптарды, алғашқы басылымдарды көрсету. Мұрағаттық жазушылар мен ақындардың фотосуреттерінен құралған фотоколлаждар ұсынылады.
  • Кітап жәрмеңкесі —  кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде ұсынып, фестиваль аясында оқырмандар кітаптарды 20% — ға дейін жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болады.
  • Балаларға арналған тегін ойын-сауық бағдарламасытүрлі ойындар, квесттер, шеберлік сағаттары, аниматорлар, тегін бет бояуы ұйымдастырылып, «Алдар көсе» спектаклінің сахналық қойылымы көрсетіледі.
  •  «Кітап оқы және досыңмен алмас» кітап алмасуы —  сөрені әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бағдарламасы: кітаптардың тұсаукесері, поэтикалық батл және түрлі тегін ойын-сауық белсенділіктері.

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез-келген оқырман өз кітабын  Қазақстанның ауылдық кітапханаларына өткізе алады.

Қосымша ақпарат: Гүлзат Сахова +7 707 437 16 01

Back to top button