«ДОМБЫРА ДАСТАНЫ» КОНЦЕРТІ

Өтетін күні: 2 шілде  2023 жыл, 19:00

Өтетін орны:  ЭКСПО алаңы

«Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет» 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  ұлттық домбыра күні аясында  «Домбыра дастаны» атты мерекелік шоу- концерт өтеді. 

Домбыраның мәртебесі — біздің ұлттық өнеріміздің мәртебесі, ұлтымыздың мерейі. Ғасырлар бойы, домбыра қазақ халқының мұң-мұқтажын, қуанышын, ішкі жан-дүниесін жырлап келеді. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі де халқымыздың домбыраға деген құрметінің бір көрінісі.

Концерттік бағдарламаның концепциясы – «Домбыраның дастаны: кеше, бүгін және ертең» идеясына негізделген.

Концерттің мақсаты – қазақстандық орындаушылар, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық аспапты дәріптеу, жас музыканттар мен домбырашылар үшін сапалы ивент жасау.

Кеш қонақтары: «HasSak ethno-folk group» этно-фольклорлық тобы»,   «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі», Мирас Жүгінісов, Raim, Ибрагим Ескендір мен балалар оркестрі және тағы да басқа өнер иелері.

Ақпарат үшін: Алимбекова Арай

 +77055813068

Back to top button