ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ «АЛТЫН МҰРА» КОНЦЕРТІ

Өтетін күні: 3 шілде  2023 жыл, 19:00

Өтетін орны:  Бейбітшілік және келісім сарайы

«Құлақтан кіріп, бойды алар 

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй»

Абай

Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  елорданың 25 жылдығына орай дәстүрлі орындаушылардың «Алтын Мұра» мерекелік концерті өтеді. 

Қазақ халқында дәстүрлі шығармаларды орындау дәстүрі ежелден қалыптасқан. Ғасырлар бойы ақындар мен әншілер бұл өнерді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Концерттің мақсаты – қазақ музыкасын, халық шығармаларын орындау дәстүрін насихаттау және жаңа таланттарды ашу.

Елорда халқына еліміздің әр өңірінен (Арқа, Сыр өңірі (жыршы, жырау), Жетісу мектебі, Шығыс (Алтай-Тарбағатай), Батыс мектебі) келген Қазақстанның үздік дәстүрлі ән орындаушылары өз шеберліктерін көрсетеді.

Кеш қонақтары: халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Қорқыт» этно-ансамблі, «HasSak» этно-фольклорлық тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртістері мен өнер қайраткерлері Ардақ Балажанова, Алмас Алмат, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Қосанова, Медет Салықов, Айгүл Елшібаева және т.б. өнер көрсетеді.

Ақпарат үшін: Алимбекова Арай

+77055813068

 

Back to top button